Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

КІРІСПЕ

2012 жылдың 14 желтоқсаны. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жариялады.

Ұзақ мерзімді ұлттық стратегияны ұсыну мемлекеттілікті нығайтудың, экономиканың өсуінің, тұрақты қоғамдық-саяси дамудың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап енгізілген қоғамның топтасуына бағытталған қадамдар Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жағдай жасады. Мемлекет қалыптасуының транзиттік кезеңі табысты өтті. Қазақстан әлемде жүйеленген сыртқы саясаты бар қалыптасқан мемлекет ретінде бекітілді.

Сонымен бірге, мемлекет алдыңғы 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетті. Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді.

Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтады.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді.

Өткен онжылдықтарда қаланған іргетасқа сүйеніп, қазақстандық ұлт алда күтіп тұрған жаңа сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктерді күте отырып, өз болашағына сеніммен қарайды. Ұлт Көшбасшысының Стратегиялық жолдауы көбіне жауап береді.

Стратегияда жарты ғасырға жуық кезеңге арналған жаңа саяси бағыттың өлшемдері енгізілген. Бұл уақытта әлем түбегейлі өзгереді деп күтілуде.

36 жылдан кейін болашақ қандай болады деген сауалға әлемнің барлық ғалымдары жауап беруге тырысуда. Бірақ бұл уақытта Қазақстан дамудың жаңа, жоғары кезеңіне өтетіні анық. Оның үстіне біз ең күрделі мәселелерді шеше алатын қабілетімізді бірнеше рет паш еткіздік.

  Елдің Бірініші Президенті – Ұлт көшбасшысының стратегияларының бірізді қатары «Назарбаев үлгісін» нақты даму векторларымен, басымдылықтардың реттілігімен және  ұзақмерзімді болашақты көруімен толықтырып қана қойған жоқ.  «Қазақстан-2030» Стратегиясында өз кезегінде Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа зияткерлік негізін құрды. Айналымға жаңа терминдер, ұғымдар мен концептілер енді, олар басқару саласын байытып, жаңа саяси ойлаудың нығаю факторына айналды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы көптеген кең көлемде қолданылатын терминдерге қазақстандық ерекшеліктері бар жаңа тұжырымды талдау жасайды.

Сонымен бірге, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мәтінінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев енгізген бірқатар жаңа саяси түсініктер қолданылған. Оларға, мәселен, «жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «жаңа қазақстандық патриотизм», «экономикалық прагматизм», «бүкілқазақстандық бірегейлік», «қалыптасқан мемлекет» және т.б. ұғымдар жатады.

Стратегияда Елбасының ірі идеялық-саяси ұсыныстары бейнеленген:

  • - Жалпыға ортақ еңбек қоғамы жалпыға берекелі мемлекетті құрудың қазақстандық формуласы ретінде;

  • - «жасыл жол» бастамасымен және болашақтың энергиясы концептісімен біріктірілген жаңа өнеркәсіптік революция ұғымы;

  • - ұлттық интеллигенцияның жаңа рөлі мен міндеттерін көрсететін идеологиялық парадигмалар: прогрессивті идеалдар қоғамы, біздің заманымыздың жаңа қаһармандары, тарихи сананың қалыптасуы;

  • - ұлттың күйреуіне қарсы тұратын және оның ішкі бірлігін нығайтатын ұлттың мәдени коды түсінігі;

  • - тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік қағидасы.

Осыған байланысты «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясын жүзеге асырудың бастамасы жаңа Жолдауда қолданылған категориялық аппаратты жүйелеу мен мақсатын түсінуді қамтамасыз етті. Оның үстіне мұндай қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың негізгі ұғымдарына түсіндірме берілген бұрынғы басылымдар 1989 жылдардың еншісінде.  

Осыларды ескере отырып басылым авторларының қатысуымен терминологиялық анықтамалық жылдамдата әзірлеу қолға алынды.

 Жалпы алғанда анықтамалықта бес блокқа бөлінген жүзге жуық түсініктер қамтылып отыр: жүйелік түсініктер, экономика, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару, дін, тарих, қазіргі заман, геосаясат және қауіпсіздік.

Айдарлар
Яндекс.Метрика