Басты

Редактор бағаны

  • Жолдау үш саланың «сырқатын» ашып берді 08 Қазан 2018 Дәулетхан Жиенқұлов Бас редактор Елбасы ел тізгінін ұстаған, әр саланың білікті мамандары ғой, деп тағайындаған өзінің кадрларына неге шүйлікті? «Елді озық мемлекеттердің қатарына біліммен қосамыз, ол үшін үш тілділікті бастауыштан бастап оқытамыз» деп жүрген Ерлан Сағадиев неден жазды? «Медицинамызды дамыған елдердің техникасы мен технологиясвна толтырдық, біздің қызметіміз ешкімнен кем емес», деп жүрген Е.Біртановқа не болды? «Күндіз-түні кірпік қақпай, халықтың тыныштығын күзетіп жүрміз» деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген генералдың қарамағындағылар не бүлдірді? Генералдың өзі «сүттен ақ, судан таза» болса, қарамағындағы «қаһармандары» қалт басты ма? Жалпы, Жолдау барысында Елбасы әлгілерге және басқа да биліктің биік бұтағындағыларға не үшін шүйлікті. Ең бастысы олардың ешқайсысы «бізде кінә жоқ» дей алмады ғой. Неге?
  • Дәулетхан Жиенқұлов Бас редактор Құндылықтар құнсызданбауы үшін ұяға оралайық! 28 Қыркүйек 2018 Бала күнімізден ата-анамыздың, ата-әжелеріміздің ырым-тиымымен, сенім-нанымына сүйеніп өстік. Бала күнімізден жұма сайын жеті шелпек пісіріліп, бақилық болған бабаларға арнап Құран бағыштайтынбыз. Бала күнімізден Алланың барына, Құранның шынына, Пайғамбардың хақтығына шек келтірмеуге тәрбиелендік. Бұл менің ғана басымнан өткен жоқ, бұл жалпы, сол 70 жылдан астам қызыл империяның «құшағында» отырса да, бабалар дәстүріне қылдай қиянат жасамай, берік ұстанып келген біздің алдымыздағы және біздің буынға тән деп ойлаймын.
  • Дәулетхан Жиенқұлов Бас редактор Қазіргі жастардың құндылығы не? 21 Қыркүйек 2018 Өткен ғасырдың басында қазақ ұлтының басынан небір нәубет өтті, «балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» заман болды. Көшпелі қазақ біртіндеп отырықшылыққа бейімделді, «көштен қалып, аштан өлгендерден» аман қалғаны. Есеңгіреп, әлі «аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпей» тұрғанда халықты зорлап «колхоздануға»-ұжымдасуға біріктірді. Қысқасы, осы секілді зобалаңмен жүргенде өткен ғасырдың алғашқы жартысы да өте шықты, оның ішінде, үзеңгіге аяқ артар азаматты түгел сыпырған саяси қуғын-сүргіні, онымен ілесе келген ІІ Дүниежүзілік соғысы бәрі бар. Соғыс жылдары және соғыстан кейін туғандардың бәрі қарнын қарасу мен қара нанға тойдырғанымен, рухани тұрғыда аш еді. Оның үстіне...
  • Дәулетхан Жиенқұлов Бас редактор «Арық сөйлеп семіз шық» немесе аз ғана төлеп, көп нығмет көр 10 Қыркүйек 2018 Құрметті оқырман! Осы аптадан бастап, біз де ақпарат айдынына өз сайтымызда «Редактор бағаны» айдарын қосып отырмыз. Осында елдегі және шетелдердегі ең маңызды, елге етене жақын деген мәселелерді көтеріп, мейілінше түсіндіруге, сараптап көруге тырысамыз. Сонымен, бастаймыз...
Яндекс.Метрика